Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясының хатшысы болып тағайындалды
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясының хатшысы болып тағайындалды
188
оқылды
Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен «AMANAT» партиясының хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды. Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы. 2009 жылдан бастап «Jas Otan» ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.