What‘s App мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат таратылуда. Автордың айтуынша, олар қалада баспана жалдап жатыр. Бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаты белгісіз. Хабарламада туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін екені айтылады. Бұл жалған мәлімет, – деп хабарлады stopfake.kz.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарды.
– Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында РФ шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункттері тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлғалар шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.