12 наурыз күні Түрікменстан президентінің сайлауы өтті. Сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды. Бұл туралы Түрікменстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы мәлімдеді.
Сайлау күні сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін сайлау құқығы бар азаматтар дауыс берді. Тіркелген 3 460 080 сайлаушының 3 362 052-сі дауыс берді. Бұл – 97,17 пайызды құрайды. Демократиялық ережелер бойынша өткен сайлауда барлығы 9 үміткер бақ сынады.
Түрікменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды.