Қазақстанда 55 майнинг фермасы өз еркімен жұмысын тоқтатты
Қазақстанда 55 майнинг фермасы өз еркімен жұмысын тоқтатты
© dag.aif.ru
481
оқылды

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведоство мәліметінше, олар жұмысты толығымен тоқтатқан, жабдықтар бөлшектеніп, шығарылған. Қазір мемлекеттік органдар бұл құрал-жабдықтарды қайта қолданбау шараларын қабылдап жатыр.

"Өз қызметін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар. Сондай-ақ солардың арасында "QazaqGaz "ұлттық компаниясы" АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды", — делінген хабарламада.
"Олар жұмысы басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз электр энергиясына заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақ аумағына негізсіз орналастырылған, сонымен қатар салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған. Бүгінде бәрі электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған", — деп қосты ведомство өкілдері.

Ведомство мәліметінше, майнинг жабдықтары Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузиядан әкелінген. Олардың арасында контрабандалық жолмен әкелінгені де болған.

"Осы деректердің бірі Алматыда анықталған, онда Қытайдан 2,8 миллиард теңгеден асатын қаржыға мыңнан астам техника әкелінген. Жалпы, қаржы мониторингі агенттігі 25 қылмыстық іс тіркеп, 67 мыңнан астам техника тәркіленді. Құны — шамамен 100 миллиард теңге", — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының Алматы әуежайында ұсталғанын жазған болатынбыз.