Шетел валютасын елден шығаруға болмайды: тыйымды бұзғандар қандай жазаға тартылады?
Шетел валютасын елден шығаруға болмайды: тыйымды бұзғандар қандай жазаға тартылады?
520
оқылды
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік валютаны елден шығару туралы тыйымды бұзған жағдайда қандай жауапкершілік көзделгенін айтты.
"Мемлекеттік шекарадан өту кезінде кідірістерге жол бермеу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берілді. Қолма-қол ақша мен шетелдік валютадағы ақша құралдары сомасының баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы қажет", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және ALTYN BARYS алтынынан және KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталардың, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзімен бірге (багажда) алып кетуге болмайды. МКК тыйымның бұзылуы анықталған жағдайда, тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша аталған ақша мен тауарлар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.