Ресей Джо Байден мен Блинкенге қарсы санкция салды
Ресей Джо Байден мен Блинкенге қарсы санкция салды
©tass.ru
243
оқылды

Ресей америкалықтардың санкцияларына жауап ретінде осындай шара қабылдады. Ақ үй басшысымен бірге қара тізімге 12 адам енген.

Олардың ішінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, Пентагон басшысы, президенттің ұлы секілді бірнеше жоғары лауазымды тұлғалар бар. «Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларының АҚШ-қа кіруіне тыйым салғаны секілді бұрын-соңды болмаған бірқатар санкцияларға жауап ретінде біз де шара қолдандық. 15 наурыздан бастап Ресейге президент Джо Байденнен бастап, мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен, Қорғаныс министрі Ллойд Остин және Біріккен штаб басшы комитетінің төрағасы Марк Милли, сондай-ақ бірқатар департамент басшылары мен белгілі америкалық қайраткерлер кіре алмайды» делінген хабарламада.