Бүгінде фильмнің түсірілім тобы екінші кезеңнің дайындығын бастап кетті. Бұл кезең бойынша балалар арасында кастинг өткізу туралы шешім қабылданды. Кастингке қатысқысы келген әрбір үміткер https://jambylfilm.kz/casting сілтемесі арқылы онлайн-форматта қазірдің өзінде өтінім жібере алады.
Кастинг үш кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңдерде іріктеуді кинотуындының кастинг-директоры Диана Қыдыр өткізеді. Актерлардың рөлдерге түпкілікті таңдау мен бекіту туралы шешімді кәсіби қазылар алқасы қабылдайды. Кәсіби қазылар алқасының құрамы кейінірек жарияланады. Балалар кастингке қатысу арқылы актерлік шеберліктің кәсіби дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік алады. Сондай-ақ фильмдегі рөлге үміткер болады.
«Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильмнің өнідіріс жұмысымен «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау қоры» қоғамдық қоры айналысады.
Томирис Байғабыл