Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
©www.zakon.kz
343
оқылды

Биыл 1 наурыздан бастап зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 538 теңге болды. Бұл базалық зейнетақы төлемі ескеріліп есептелген сома.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 млрд теңгеден астам сома зейнетақы төленген. Ал 2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 млрд теңге бөлінді. Жалпы, бүгінде еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңға жеткен.