Қасым-Жомарт Тоқаев: Президентті биліктен кетіргісі келді
Қасым-Жомарт Тоқаев: Президентті биліктен кетіргісі келді
©www.zakon.kz
493
оқылды

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаңтар оқиғасына еліміздегі ықпалды адамдардың қатысы барын мәлімдеді.

"Біз теріс пиғылды адамдардың төңкеріс жасамақ болғанын нақты білеміз. Осы ретте бүлікшілер неге мұндай қадамға барды деген сұрақ туындайды. Жауабы айдан анық. Соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға, трансформациялауға көштік. Түрлі салада ауқымды өзгерістер басталды. Бұл кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. Олар жылдар бойғы заңсыз әрекеттерін одан ары жалғастыра беруді көздеді. Неғұрлым жоғары билікке ие болуды мақсат етті. Сол үшін кәнігі қылмыскерлер қарулы бандалар мен опасыз шенеуніктер бірігіп, астыртын топ құрды. Ішкі және сыртқы жауларымыз өзара ымыраласып, билікті басып алғысы келді. Олар халықтың наразылық шеруін басқа арнаға бұрып, жұртты қасақана арандатты. Билікке күйе жағу үшін бейбіт тұрғындарға оқ атты. Осының бәрін шетелдегі радикал күштер өз мақсатына пайдаланғысы келді. Олар Қазақстанды қақтығыс аймағына айналдырып, елде ойран салмақ болды. Президентті биліктен кетіргісі келді. Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді", – деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.