17-19 наурыз аралығында елімізде 28 градус аяз күтіледі
17-19 наурыз аралығында елімізде 28 градус аяз күтіледі
©24кз
484
оқылды

17-19 наурыз аралығында елімізде 28 градус аяз күтіледі. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-батыс антициклоны ықпалының әсерінен күн суытып, аяз түседі.

Түнде термометр бағандары 20...28 аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклонға байланысты жауын-шашын, кейде қатты жауынның арты қарға ұласуы ықтимал. Оған қоса, жел күшейіп, жер көктайғақ болады. Республика бойынша тұман болжанады.