Қайрат Боранбаев ұсталды
Қайрат Боранбаев ұсталды
©kapıtal.kz
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды, – деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.
«Боранбаевты Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Алматыда ұстады. Оған қатысты тергеуді Алматыдағы департамент емес, ҚМА-ның елордадағы қызметкерлері жүргізіп жатыр.  Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Таяу күндері Алматыда оған қатысты тергеу шаралары жүргізіледі», - деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына дереккөз сейсенбіде.
Қайрат Боранбаев 2021 жылғы Forbes тізіміндегі Қазақстанның 50 ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі. Бұған дейін Алматыда белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыны кімдер ұстағанын жазған болатынбыз.