Кикбоксингтен әлем чемпионын көшеде атып кетті
Кикбоксингтен әлем чемпионын көшеде атып кетті
© Qafqazinfo
228
оқылды
Бакуде кикбоксингтен әлем чемпионы Заур Юсифовты өтіп бара жатқан адамдардың көзінше атып өлтірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Екі жыл бұрын Юсифовтың өзі қылмыс әлеміндегі танымал адамды өлтірді деген күдікке ілінген.
«Бакудің Насими ауданында кикбоксингтен әлем чемпионы Зәур Юсифов Винчестер маркалы қарумен атып өлтірілді. Юсифов оқиға орнында көз жұмды. Іс жүзінде шұғыл жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде кісі өлтіруге күдікті 2000 жылы туған Самир Шіралиев ұсталды», - деп хабарлады Насими аудандық ІІБ.