Телефон арқылы сөйлесті
Телефон арқылы сөйлесті
353
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөй­лесті. Екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гумани­тар­­лық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңей­­туге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стра­­­тегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын тал­қы­лады. Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жаса­ған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиім­ді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілді. Әңгіме соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құт­­тықтады.