SCAT 31 наурызға дейін Ақтөбеге рейстерді тоқтатты
SCAT 31 наурызға дейін Ақтөбеге рейстерді тоқтатты
©24.kz
263
оқылды

Ақтөбе әуежайын жөндеуге байланысты SCAT әуе компаниясы 31 наурызға дейін қалаға барлық рейстерді тоқтатты.

«Ақтөбе әуежайының жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатыны себепті SCAT әуе компаниясы 31 наурызды қоса алғанда, осы бағыттағы барлық рейстерді тоқтатуға мәжбүр» делінген хабарламада. Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билет құнын  сатып алған жерінде қайтара алады. Немесе рейсті басқа күндерге қайта брондау мүмкіндігі бар.