Туберкулез дертін әлем халқының төрттен бір бөлігі жұқтырған
Туберкулез дертін әлем халқының төрттен бір бөлігі жұқтырған
451
оқылды
Мұндай мәліметті Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандары айтты. Олардың айтуынша бұл адамдар туберкулез бактерияларын жұқтырғанымен, әлі ауырмаған және оны өзгеге әзірге жұқтыра алмайды. Ғалымдардың сөзінше, туберкулез ауруын негізінен өкпеге әсер ететін бактерия (Mycobacterium tuberculosis) тудырады. Туберкулез емделеді және оның алдын алуға болады. «Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы таралады. Өкпе туберкулезімен ауыратын адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе одан қақырық түскенде туберкулез бактерияларын ауаға шығарады. Адамға жұғуы үшін бұл бактериялардың аз ғана мөлшері жетіп жатыр», – дейді орталық мамандары. Туберкулез бактериясын жұқтырған адамдардың өмірінде туберкулезбен ауыру мүмкіндігі 5-15% құрайды. Иммун жүйесі әлсіреген адамдар, мысалы, АИТВ инфекциясы (ВИЧ) бар адамдар, дұрыс тамақтанбайтын адамдар немесе қант диабетімен ауыратындар және темекі шегетін жандардың туберкулез ауруына шалдығу қаупі өте жоғары. Бұл дертпен ауыратын адамдардың өзгелерге жұқтыру ықтималдығы да басқа аураларға қарағанда анағұрлым жоғары дейді дәрігерлер. Аталған ғылыми орталықтың дабыл қағынуының себебі, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам ауруын бір жылдың ішінде өзімен жақын қарым-қатынаста болған 5-15 адамға жұқтыруы мүмкін. Тиісті ем қабылдамаған жағдайда АИТВ-теріс адамдардың орташа есеппен 45%-ы және туберкулезбен ауыратын АИТВ-позитивті адамдардың бәрі дерлік ажал құшады екен. «Сондықтан туберкулез белгісіне ұқсас жайтты байқаған адам дер кезінде дәрігерге қаралғаны дұрыс. Елімізде туберкулез диагностикасы мен емдеу тегін», – дейді мамандар.