Оқиға Қостанай ауданында болған. Ақпаратты alau.kz сауалына орай Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады.
Қостанай облысының полиция бөліміне 44 жастағы әйел күйеуін жауапкершілікке тартуды сұрап шағымданған. Тобыл қаласының тұрғыны полицейлерге түнде жанжал шығып, күйеуі оның аяғын металл шынжырға байлап тастағанын айтқан.
Ол таң атқанша байлаулы қалпы отырып шыққан.
Осы факті бойынша ҚК 126-бабы "Бостандығынан заңсыз айыру" бойынша тергеу жүргізілуде.
Күйеуі әрекетін әйелінің ішімдік ішетіндігімен түсіндірді. Айтуынша, түнде кетіп қалмасын деп байлап тастаған.