Қайрат Боранбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды
Қайрат Боранбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды
© "Қайрат" ФК
245
оқылды
Қаржылық мониторингі агенттігі белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.  Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«17 наурызда сот 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасуда. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда ұсталған Қайрат Боранбаевтың ұсталу сәтінен видео пайда болғанын жазған болатынбыз.