Лукашенко Украина-Ресей соғысы таяу уақытта бейбіт жолмен аяқталатынын айтты
Лукашенко Украина-Ресей соғысы таяу уақытта бейбіт жолмен аяқталатынын айтты
© dw.com
328
оқылды
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей-Украина соғысы таяу уақытта аяқталатынын айтты, – деп хабарлады БелТА.
"Менің ойымша, бұл қақтығыс аяқталып, бейбітшілік орнайды", – деді Александр Лукашенко жапондық TBS телеарнасына берген сұхбатында.
Беларусь басшысының айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысына қолайлы келісімшарт ұсынған.
"Бірінші болып сізге басты жаңалықты айтайын, Ресей Украинаға ұсыныс жасады, мен мұны нақты білемін, келісуге лайық келісімшарт. Украина мен Ресей келісіп, Зеленский мен Путин бұл келісімшартқа қол қоюы мүмкін", – деді Александр Лукашенко.
Лукашенконың айтуынша, Владимир Зеленский келісімшартқа қол қоймаса, қарсылықсыз берілуге тура келеді.