"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Апта аяғында ел аумағына солтүстік-батыс антициклон әсер етеді, сондықтан аяз болып, жауын-шашын жаумайды.
Алайда 20 наурызда солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарға Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсер ете бастайды. Циклон біртіндеп оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады. 21 наурызда республиканың басқа да бөлігін қамтиды. Сондықтан ауа температурасы көтеріліп, ауа райы нашарлауы мүмкін. Қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болып, жел күшейеді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, демалыс күндері республикада тұман түседі.