Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін телефон арқылы ала алады
Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін телефон арқылы ала алады
© Тұрар Қазанғапов
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өзгеруіне байланысты Отбасы Банк қызметкерлері Наурыз мейрамында жұмыс істейтін болады, – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі
“БЗТ аударылатын депозитті немесе арнайы шотты қашықтан ашуға болады. Ол үшін 300 нөміріне немесе банк сайтындағы сілтеме арқылы бейнеоператорға хабарласу қажет. Қоңыраулар демалыс күндеріне қарамастан 19, 20, 21 және 22 наурыз күндері қабылданады”, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Enpf-otbasy.kz платформасы да қазақстандықтарға 24/7 режимінде, демалыс пен мереке күндері де қолжетімді болмақ.
“Соңғы 3 күнде enpf-otbasy.kz платформасына 157 мыңнан астам өтініш түсті. Ең көп таңдалған мақсаттардың ішінде: Отбасы банкіндегі салымды толықтыру, емделу және ипотеканы ішінара өтеу. Қазақстандықтардың БЖЗҚ-нан сұратып жатқан ең төменгі сомасы – 200 теңге”, – делінген банк хабарламасында.
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өзгереді. БЗТ-ін қазіргі шарттармен пайдалану үшін қазақстандықтар 2022 жылдың 29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz платформасына өтініш беріп үлгеруі қажет. Отбасы банк өтінішті 2 күн ішінде қарап, БЖЗҚ-на жібереді. БЖЗҚ 2022 жылдың 31 наурызына дейін қабылдаған өтініштер бойынша БЗТ-ін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейінгі бұрынғы шекті мәндерге сәйкес төлейді.