«Осы жолы көп ішіп қойдым» – Атырауда мас жүргізуші көлігін тастай қашып, суға секірген
«Осы жолы көп ішіп қойдым» – Атырауда мас жүргізуші көлігін тастай қашып, суға секірген
352
оқылды
Атырауда 17 наурыз күні сағат 17:30 шамасында «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік айдап, онысымен қоймай көліктен түсіп, полицейлерден жаяу қашпақшы болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің айтуынша, Владимирский және Гумаров көше қиылысында аталған автокөлік күдік тудырған соң, оны тоқтатады. Алайда, көлік жүргізушісі Авангард мөлтек ауданындағы үйлердің тұсына дейін тоқтамай, кейін автокөлігінен түсіп, көпірге дейін жүгіре бастаған. Содан соң ол Жайық өзеніне секірген. Патрульдік полиция инспекторлары аға лейтенант Нұрымов Жексенбек пен оның әріптесі полиция лейтенанты Сақауов Данабек құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Анықталғандай, 33 жастағы ер адам жүргізу құқығы жоқ бола тұра (куәлігінен айырылған) мас күйде көлік жүргізген. Ол өзінің полицейлерді көре сала қашқан әрекетін «Осы жолы көп ішіп қойдым» деп ақталды. Айта кету керек, оған қатысты ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігі, ӘҚБтК-нің 595 бабының 1 бөлігі, ӘҚБтК-нің 601 бабының 1 бөлігі, ӘҚБтК-нің 613 бабының 3 бөлігі 1 тармағы,  ӘҚБтК-нің 612 бабының 1 бөлігі, ӘҚБтК-нің 590 бабының 7 бөлігімен хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.