Оралда эскалатордан құлап кеткен сәби көз жұмды
Оралда эскалатордан құлап кеткен сәби көз жұмды
Фото: tengrinews.kz
221
оқылды

Оралда жергілікті сауда орталығында анасы эскалатордан құлатып алған тоғыз айлық сәби қайтыс болды, деп жазады Inform.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, дәрігерлер алған шараларға қарамастан, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды. Аталған сәби 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша барлық ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Ақпарат тек жәбірленуші тараптың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.