Елхан Табынбаев Мәскеуде жеңілмеген боксшыны нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы атанды

Елхан Табынбаев Мәскеуде жеңілмеген боксшыны нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы атанды
Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Елхан Табынбаев (3-0, 1 КО) Мәскеуде өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңілмеген Үнді Исрар Усманимен (5-0, 5 КО) кездесті, – деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген, бірақ бір раундқа да созылмады: бірінші раундта-ақ Табынбаев қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша, Елхан Табынбаев профи-рингте төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WPBF нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, 22 жастағы қазақстандық әлі күнге дейін жеңілмеген. Оның қарсыласына келетін болсақ, Исрар Усмани мансабында алғашқы жеңіліске ұшырады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.