Президент Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды
Президент Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды
434
оқылды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады.

«Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын. Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде. Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды» делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Кеше Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлаған болатын. Салдарынан жылу жүйесіндегі апатқа байланысты бірден бес қазандық сөндірілді. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Жұмысшылардың біреуі табылмай жатыр. ЖЭО-дағы түтін мұржасының құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрды. Ол жерде Петропавл тұрғындарын тиісті жылумен қамтуға қатысты барлық іс-шаралар қолға алынып жатыр. Оқиға орнында бүкіл арнайы қызметтер жұмыс істеп тұр.