Роза Рымбаева Иманбекпен бірге ән шығарды
Роза Рымбаева Иманбекпен бірге ән шығарды
©tengrinews.kz

Белгілі әнші Роза Рымбаева Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, Иманбек екеуі шығарған ремиксті жұрттың назарына ұсынды.

"Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуміз бірігіп, "Наурыз-думан" әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін!", – деп жазды Рымбаева. Ол адамдарды осындай тынышсыз заманда бір-біріне қамқор болуға, мейірімділік көрсетіп, өкпе-реніштерге жол бермеуге шақырды және "Береке көзі – бірлікте" екенін еске салды.