Роза Әлқожаға тыңдарманы Алматыдан пәтер сыйлады
Роза Әлқожаға тыңдарманы Алматыдан пәтер сыйлады
©qazaqstan.
236
оқылды

Халықаралық әйелдер күніне орай 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында Роза Әлқожа концерт берді. Сол кеште әнші ойламаған жерден баспаналы болды.

Концерт кезінде бейтаныс азамат сахнаға шығып, әншіге пәтер сыйлаған. Бұл жайында журналист Әлия Құдайбергенова Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бейтаныс тыңдарман әншіге концерт кезінде тосынсый жасаған. "Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: "Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен" дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық", - деп жазған ол. Айта кетейік, өнер иесінің өзі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.