Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Соңғы бірнеше күн бойы матрица өзгермеген. «Қызыл» және «сары» аймақта ешқандай өңір жоқ.
Бүкіл өңірлер мен қалалар, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта тұр.