Алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: inbusiness.kz
182
оқылды

«Қазгидромет» 24-26 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері солтүстікте қар жауып, боран соғады. Оңтүстікте жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Циклонның әсерінен солтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон әсеріннен ауа райы жауын-шашынсыз болады. 25-26 наурызда Оңтүстік Каспий циклоны әсерінен оңтүстікте жаңбыр, қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығыста, республика орталығында тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады.

Солтүстікте түнде ауа температурасы 2-15 градус аяз. Оңтүстік жартысында ауа температурасы 3-11 градус аяздан 0-8 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз термометрлер 0-8 градусты көрсетеді. Республиканың солтүстігінде 0-9 градус аяз, оңтүстігінде 7-17 градус аяз болады.