Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды
Алматы облысында қылмыстық топ ұсталды
353
оқылды
Алматы облысының солтүстік бөлігінде мал ұрлығына күдікті бір топ адам ұсталды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Күдіктілерге әзірге 50-ден астам жылқы ұрлады деген айып тағылып отыр. Зардап шегуші – Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында шаруа қожалығы бар 32 жастағы шымкенттік кәсіпкер. Жылқы ұрлығы 2022 жылдың ақпан айында тіркелген. Табын жылқы екі кезең бойынша ұрланған. Бастапқыда 25 млн теңгеге бағалаған 32 жылқы ұрланған. Содан кейін тағы 14,5 млн теңгенің 19 жылқысы ұрланды. Әзірге ұрланған 33 табылып, кері қайтарылған. Қазіргі уақытта ұсталған адамдар қамауға алынды.