Орта есеппен 490 мың отбасы жәрмдемақымен қамтылды. Оның ішінде, ақпанда 492,5 мың отбасы жалпы сомасы 27,3 млрд теңге жәрдемақы алды.
Жәрдемақыны 4 және одан да көп баласы бар кәмелет жасына толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан алады.
Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға 12 252 теңгеден төленеді. Мәселен, 49 100 теңгені – 4 бала, 61 383 теңгені – 5 бала, 73 666 теңгені – 6 бала, 85 948 теңгені – 7 баласы бар отбасыға береді.