Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, - деп жазады polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері бір травматикалық тапанша мен 39 дана 5,45 калибрлі оқ-дәрі тапты.
Қару-жарақ Жамбыл ауданындағы Аса өзенінен Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.
Сондай-ақ, жедел іздестіру нәтижесінде, Тараздағы Ауыл-Береке базарына жетпей, Горбатый көпірінің астынан бір газбен атылатын қару және 20 дана 7.62 калибрлі оқ-дәрі табылды.
Табылған бұл қару-жарақтар Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінен ұрланған болуы да мүмкін.