Президент Бейжіңде жетістікке жеткен спортшыны «Құрмет» орденімен марапаттады
Президент Бейжіңде жетістікке жеткен спортшыны «Құрмет» орденімен марапаттады
Фото: yandex.kz
631
оқылды

Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығы шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:  

«Құрмет» орденімен

Герлиц Александр Александрович – «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы
Жданович Антон Владимирович – «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы
Коломиец Василий Сергеевич – «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз № 844