Алматы облысында жас жігіт тойда көпшіліктің көзінше тапаншадан оқ атты
Алматы облысында жас жігіт тойда көпшіліктің көзінше тапаншадан оқ атты
© polisia.kz
552
оқылды
Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Оқиға 22 наурыз күні Талғар ауданында болды, – деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.  Неке қию рәсімі кезінде жас жігіт мылтық қолданған. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Кадрларда жеке үйлердің арасында келе жатқан көліктер колоннасы көрінеді. Кавказдық үлгіде, ұлттық киім киген салт атты жігіт қарудан аспанға оқ атады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
«Тойға қатысушылардың бірі Талғар қаласының 22 жастағы тұрғыны қарудан оқ атқаны анықталды. Ол МП-371 тапаншасын қолданды, қазір қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жас жігіт ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы (Атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан ату, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша жауапқа тартылды», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Департаменттің мәліметінше, бейнежазбадағы көріністе неке қию шарасына қатысқан көлік жүргізушілері де жол ережесін бұзған. Оларға қатысты бес хаттама толтырылды.