Мас күйде көлік ұрлаған жігіт жол апатына ұшырады
Мас күйде көлік ұрлаған жігіт жол апатына ұшырады
115
оқылды
 Алматы қаласында жас жігіт ұрлаған көлігімен жол апатына түсті. Бір адам қайтыс болды, тағы біреуі жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында болған. Toyota Land Cruiser Prado көлігі қатты жылдамдықпен Jeep Grand Cherokee-ді соққан. Дәл сол Prado Сейфуллин көшесінде ұрланды.
https://youtu.be/wb4jWzbFNMA
"102" пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің иесі хабарласып, көлік құралының Сейфуллин көшесінен ұрланғанын жеткізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы А.есімді қала тұрғыны болып шықты", - дейді полицейлер.
Жас жігіт мас күйінде көлікті ұрлап, жол апатына түскен. Grand Cherokee көлігінің 19 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды, ал жүргізуші әлі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Мас ұры болса, оқиға орнынан қашып кетті. Бірақ көп ұзамай ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, 347-бабы және 200-бабының 3-бөлігі тергеу шаралары басталды.