Павлодар қаласында «АМАNАТ» партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары да жақсылық жасаудан шетте қалмады. Бір зейнеткерге қымбат дәрі-дәрмек сатып алса, екіншісіне коммуналдық қызмет үшін төленбеген қарызын өтеуге көмектесті. Азық-түлік жиынтығы түрінде көмекті көпбалалы әке Олег Клейн де алды.
«Шынымды айтсам, телефоныма қоңырау шалып, келетіндерін айтқанда күтпеген қуанышты жағдай болды. Мен ауырғаннан кейін мүгедек болып қалдым. Осындай жағдайда біздің отбасымызға қолдау көрсетіп қол ұшын созды. Теледидарымыз жанып кеткендіктен, жаңасын сыйға тартты. Аманаттықтарға алғысымды айтамын», – деді ол.
Шымкентте қалалық партия филиалының белсенділері 10 бала, 40 немере тәрбиелеп отырған Мырзабековтер отбасында болды. Олар партия мүшелеріне қамқорлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, «АМАNАТ»-ты жаңғыртуды қолдайтынын жеткізді.
Ал Көкшетау қаласында аманаттықтар аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығын таратса, кейбіріне тікелей қаржылай көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасы аясында жергілікті мәслихат депутаттары көпбалалы ана Самал Сұлтанованың үйіне барып, азық-түлік себетін табыстап, ұлына мектепте тегін тамақ беру мәселесі оң шешімін тапқанын хабарлады.
Айта кетсек, Наурыз мейрамының алғашқы күндерінде 737 отбасы тікелей көмекпен қамтылды. Дегенмен алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын табатын болады.
Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:
Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
WhatsАpp: 8 700 800 4441
Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді.
Нұрғайша ӘБДІРАМАН