Қарағанды ​​облысында тәрбиешінің балалардың басынан ұрғаны видеоға түсіп қалған
Қарағанды ​​облысында тәрбиешінің балалардың басынан ұрғаны видеоға түсіп қалған
Фото: видеодан скриншот
134
оқылды

Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған видео тарады. Видеодағы оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды.

Instagram-да skandal_krg парақшасында жарияланған видеода оқиға Қарағанды ​​облысы Абай қаласындағы балабақшада болғаны айтылады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

«Камералардан бейнежазбаны көріп, жағамды ұстадым», – дейді видеоның авторы.
Қарағанды ​​облысының ПД видео тарағаннан кейін зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Абай аудандық білім бөлімінің мәліметінше, балабақша жекеменшік, білім бөліміне бағынышты емес.
«Әдемі» балабақшасы – жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. 500 орындық жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында ашылған. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды» делінген ресми ақпаратта.

Бұған дейін баланы ұрған тәрбиеші өзіне-өзі қол жұмсағанын хабарлаған болатынбыз.