45 945 теңге: көлігіңе қалаған нөмірді қашан алуға болатыны белгілі болды
45 945 теңге: көлігіңе қалаған нөмірді қашан алуға болатыны белгілі болды
215
оқылды
Салық кодексіне «ерекше» нөмірлерден басқа кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін таңдауға мүмкіндік беретін баж салығы енгізілмекші. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады. Полицейлер автокөлік иесінің өтініші бойынша әртүрлі мемлекеттік нөмірлерді шығаруға уәде бергеніне де бірнеше жыл болды. Осы себепті Салық кодексіне кез келген мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындауға арналған мемлекеттік баж мөлшерін белгілейтін норма толықтырылмақшы. Әлбетте 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 нөмірлеріне және бірдей әріптерге қатысты белгіленген нормаларға өзгеріс енгізілмейді. Салық кодексіне түзетулер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жобада бұл қызмет құны автокөлік иесіне 15 АЕК (2022 жылы – 45 945 теңге) тұратыны көрсетіледі. Басылым автокөлікті тіркеу ережелеріне толықтырулар қазіргі уақытта дайындалу үстінде екенін және оның тез әзірленетінін жеткізді.