Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
© baq.kz
827
оқылды
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері мекеме ішінде маска тағу талабының күшін жоятын қаулыға қол қойды.  «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына қол қойылды. Осы қаулымен «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулының күші жойылды. Жаңа қаулыға сәйкес: - маска кию міндетті болып табылатын медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда үй-жайларда міндетті түрде маска кию алынып тасталды. Сондай-ақ халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсыным сипатында қалдырылды; - объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алынып тасталды. Қаулының толық мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланған.