«АМАNАТ» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде республикалық және өңірлік сайлауалды бағдарламаны орындауға арналған Жол картасының бірнеше бағыты бойынша мәселелер талқыланды. Сондай-ақ партияның ШҚОФ жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, өңірімізде медициналық мекемелер мен дәріханалар желісінің дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Шалғай ауылдардағы медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуден өткізу партияның сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасында нақты көрсетілген. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысқан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы былай деп жауап берді.
«2022 жылғы жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 7 жоба бойынша 214 453,3 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Аягөз ауданының Суықбұлақ кентіндегі және Баршатас ауылындағы, Жарма ауданының Шар қаласындағы, Күршім ауданының Теректібұлақ және Сарыөлең ауылдарындағы, Тарбағатай ауданындағы, Катонқарағай ауданының Қызыл-Жұлдыз, Ақмарал, Өрнек ауылдарындағы медициналық пункт ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар әзірленіп, конкурстық процедуралар өткізіліп жатыр», – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина.