Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат: 3 қазандық тоқтап қалған
Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат: 3 қазандық тоқтап қалған
Сурет: Петропавловск News
172
оқылды

26 наурыз күні сағат 21.30-да Петропавл ЖЭО-2-де қолайсыз температуралардың (-13 С) әсерінен ашық жылу контуры салдарынан импульстік түтіктердің қатып қалуына алып келді, - деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Себебі - 20 наурыздағы мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цехтың қысымсыздануы. Орын алған жағдай 3 қазандықтың тоқтауына әкелді. Қазіргі уақытта импульстік түтіктер жылытылды, ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеп тұр, 4-ші қазандықты іске қосу басталды, жақын арада 5-ші қазандық агрегаты жұмысқа қосылады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытқа желідегі температура - 45 С, кешке дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.