Алты айлық баласын өлтірген ер адам 10 жылға сотталды
Алты айлық баласын өлтірген ер адам 10 жылға сотталды
Фото: m.azh.kz
240
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында ер адам алты айлық ұлын өлтіргені үшін 10 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді, – деп жазады Zakon.kz.

Ер адамның айтуынша, баланың жаялығын ауыстырмақ болған кезде қолынан түсіріп алған. Әйелі үйде болмаған. Ол сол күні ішімдік ішкен.
«Асханадан келе жатқанымда, линолеумға шалынып, құлаған сияқтымын. Бала қолымнан ұшып кетті. Кенеттен көгеріп, үнсіз қалды. Көршілерден көмек сұрадым», – дейді.
Көршісі ес-түзсіз жатқан сәбиді жерден алып, жедел жәрдем шақырған. Ер адам ішімдік ішкендіктен, оқиға еміс-еміс қана есінде екенін айтып ақталған.

Бұған дейін Алматыда қонақүйде кішкентай сәбиді өлтірген шетелдік ұшқышқа қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған болатынбыз.