«Вова ағайды көмекке шақыратынын айтқан» радиожүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
«Вова ағайды көмекке шақыратынын айтқан» радиожүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
© INBUSINESS.KZ
265
оқылды
«Вова ағайды көмекке шақыратынын айтқан» радиожүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
«Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 174-бабы бойынша қылмыс белгілерімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша нақты шешім қабылданады», – делінген хабарламада.
Ресейдің Украинаға басып кіруі тақырыбында сөз қозғаған Любовь Панова ресейліктердің ұстанымымен келіспейтіндерге  «Вова ағайды көмекке шақыратынын» айтқан. Жалпы оның сөзі қазақстандықтар арасында дау туғызды. «Еуропа Плюс Қазақстан» радиосы қызметкерінің әлеуметтік желіде дау туғызған сөзіне қатысты пікір білдіріп, редакцияның көзқарасын білдірмейтінін хабарлады. Кейін жүргізуші «Еуропа Плюс Қазақстан» радиосынан жұмыстан қуылғаны белгілі болды.