Ресей депутаты Қазақстанда Украинадағыдай арнайы әскери операция өткізуді ұсынды
Ресей депутаты Қазақстанда Украинадағыдай арнайы әскери операция өткізуді ұсынды
© ulysmedia.kz
325
оқылды
Мәскеу қалалық думасының депутаты  Сергей Савостьянов Украина секілді бірқатар елде, соның ішінде Қазақстанда арнайы әскери операция өткізуді ұсынды. Бұл туралы федералдық бюро мүшесі – "Алма" партиясы Мәскеу филиалы басшысының орынбасары Кирилл Гончаров хабарлады. 
«…қазір бар күшімізді біздің күшті, біртұтас және көпұлтты елімізді жаңғыртуға жұмсауымыз керек. Көп жылдар бойы  антиресейлік саясаттан зардап шеккен, Украина аумағында тұратын орыс тілді Украина және РФ азаматтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қабылдауымыз қажет. Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Ресей, Украина және бүкіл Еуропа халқының тұрақты қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. РФ қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін арнайы әскери операцияны Украинадан басқа Балтық маңы, Польша, Молдова және Қазақстанда өткізу дұрыс деп есептеймін», - делінген Сергей Савостьянов қол қойған құжатта.
Гончаровтың өзі бұл ұсынысқа қысқа ғана «ұятсыздық» деп пікір білдірген.  width=