Ішкі істер министрлігі ҰҚК және БП-мен бірлесіп, арнайы жасақтың көмегімен Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция өткізді, – деп жазады polisia.kz.
Бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды.
Олардан екі Калашников автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, Калашников пневматикалық автоматы, «Ф-1» қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі табылды.
https://youtu.be/F0PAnb-Vunw
Сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.