Бүгін доллар бағамы он теңгеге арзандады
Бүгін доллар бағамы он теңгеге арзандады
Фото: novostipmr.com
231
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы да арзандады.

Таңғы сауда-саттық мәліметінше, доллар бағамы 28 наурыз кешімен салыстырғанда 10,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 473, 61 теңге болды. Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 484,49 теңге. Kurs.kz-тің мәліметінше, Алматыда доллардың сату бағамы – 467, 43 теңге, сатып алу – 473, 06 теңге. Астанада сату бағамы – 466, 67 теңгеден болса, сатып алу құны – 472,08 теңге.

Қазақстанда кеше де доллар бағамы арзандаған болатын.