Алматы облысында қайықпен балық аулауға шыққан екі ер адам суға кетті
Алматы облысында қайықпен балық аулауға шыққан екі ер адам суға кетті
Фото: ТЖМ-нен алынды
202
оқылды
Алматы облысында кеше сағат 17:30-да РЖҚЖ кезекші диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде оқыс оқиға болғаны туралы хабарлама түсті. 1973 және 1969 жылы туған екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға шыққан. Қайық кенеттен аударылып, екеуі суға батып кеткен. Куәгерлер бір ер адамның мәйітін судан шығарып алған. Құтқарушылар сағат түнгі 00.00-де сүңгуірлердің көмегімен екінші ер адамның мәйітін тауып, судан алып шықты.