Президенттің қандай өкілеттіктері тоқтайтыны белгілі болды
Президенттің қандай өкілеттіктері тоқтайтыны белгілі болды
217
оқылды
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту аясында президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратынын айтты.
«Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға бірқатар түзету енгізіледі», -  деді Әлібек Қуантыров.
Министрдің айтуынша, Президенттің мына өкілеттіктері тоқтайды.
  • президенттің өз өкілеттіктерін атқаруы кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтату;
  • президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салу;
  • президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
  • аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құқығын жою.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіткенін жазған болатынбыз.