Отырысқа Премьер-министр, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.