Құлаққаптан келген қатер
Құлаққаптан келген қатер
310
оқылды
Жамбыл облысындағы Боранды стансасы маңында 16 жастағы жасөспірім пойыз астына түсіп, мерт болды. Кейі­нірек жасөспірімнің құлағында құлаққап болғаны анықталды. Салдарынан ол жүк пойызының сигналын естімеген. Ал машинист пойызды шұғыл тоқтата алмаған екен. Дәрігерлер оқыс оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген жасөспірімді аман алып қалу үшін төрт сағат бойы ота жасаған. Алайда оның өмірін сақтау мүмкін болмады. «Оқиға Боранды – Сұрым бекеттері аралығында болды. Жүк тиелген 44 вагоны бар пойыздың машинисі шұғыл тежегішті басқанымен, жол апатының алдын алу мүмкін болмады. Өңір тұрғындарынан теміржолды кесіп өту ережелерін сақтауды және балаларға үйретіп отыруды сұраймыз», –деді Боранды бекеті желілік полиция бөлімінің бастығы Шәміл Керімбаев.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ