Азия чемпионатында алтын алды
Азия чемпионатында алтын алды
226
оқылды
Велоспорттан Душанбеде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тұғыр биігінен көрінді. Топтық жарыста қазақстандық Глеб Брусенский жеңіске жетті. Күміс медальді Даниил Пронский, «қоланы» Николас Винокуров иеленді. «Бастапқыда жарыстан бас тарту туралы ойым болған. Себебі Италиядан келген соң ауырып қалдым. Дене қызуым қырық градусқа дейін көтерілді. Шамам келгенше емделдім. Жарыс кезінде командаластарым да керемет қолдау көрсетті», – деді Глеб Брусенский.